Официальный сайт ТОО "Кокшетау Энерго" | |
Республика Казахстан, 020000, г.Кокшетау, мкр.Центральный, 5 | |
|
Біліктілікті тексеру туралыБіліктілікті тексеру туралы Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Ақмола облысы бойынша аумақтық департаментінің ұсынымына сәйкес, «Шаңтөбе-Энергокомплекс» ЖШС-нің еңбек және қауіпсіздік техникасы бөлімінің маманы мен осы мекеменің бас инженері қауіпсіздік техникасы нормалары мен талаптарын және электр қондырғыларын техникалық пайдалану қағидаларын білуін біліктілік тексеру аясында біліктілігінің расталмауына орай, кәсіпорынның электр қондырғыларын пайдалануға және оларға қызмет көрсетуге байланысты жұмыстан шеттетілді. Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 18 наурыздағы № 210 бұйрығымен бекітілген Электр және жылу энергиясын өндіруді, беруді жүзеге асыратын ұйымдардың басшыларына, мамандарына Электр қондырғыларын пайдаланудың техникалық жай-күйі мен қауіпсіздігін бақылау үшін техникалық пайдалану қағидаларын және қауіпсіздік қағидаларын білуіне біліктілік тексеру жүргізу қағидаларына (бұдан әрі - Қағидалар) сәйкес келетінін естеріне саламыз. Электр энергетикасы саласындағы қолданыстағы заңнамаға сәйкес, білімді біліктілік тексеру – бұл электр қауіпсіздігі бойынша рұқсат беру тобын тапсыру, арттыру немесе растау үшін энергетикалық ұйым персоналының электр энергетикасы саласындағы олардың құзыретіне қатысты нормативтік құқықтық актілердің талаптарын білуін тексеру болып табылады. Білімді біліктілік тексеру электр қауіпсіздігі бойынша рұқсат берудің тиісті тобын тапсыру, арттыру немесе растау үшін ұйымдардың басшылары мен мамандарының кәсіптік даярлық деңгейінің сәйкестігін айқындаудың негізгі тәсілі және оны Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау Комитеті жүргізетіні белгілі. Егер тестіленуші шекті деңгейден төмен тестілеу нәтижесіне ие болса немесе тестілеуге дәлелсіз себептермен келмесе, қызметкер Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында белгіленген тәртіппен атқаратын лауазымынан шеттетілетінін атап өтеміз.
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Ақмола облысы бойынша аумақтық департаменті |
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
© ТОО Кокшетау Энерго. 2024 г. |