Кокшетау-Энерго

Главная     Карта сайта     Для печати     
Республика Казахстан, 020000, г.Кокшетау, мкр.Центральный, 5  
 
 Главная 
 Для потребителя 
Новости компании 
 Статьи 
 Рынок электроэнергии 
 Проекты 
 Интернет-приемная 
 Вакансии 
 Объявления о закупках 
 Контакты 
 ТОО Кокшетау Энерго Центр 
 ТОО «Солтүстiк Энерго Орталық» 




GISMETEO: Погода по г.Кокшетау


   

Құрметті электр энергиясының тұтынушылары!


Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының COVID-19 жаңа коронавирусты жариялауына және төтенше жағдай режимін енгізуге байланысты біз сіздермен бірге елдің экономикасының барлық секторларына, соның ішінде электр энергетикасына пандемияның аса теріс ықпалының куәсі болдық.

2020 жылғы 16 наурыздағы өз сөзінде біздің Президент Қ.К.Тоқаев Қазақстанның барлық азаматтарын тыныштықты сақтауға, бір-біріне көмектесуге, өзін және жақындарын қорғауға шақырды. Сондай-ақ, «Біздің халқымыздың рухының күші, бізге тән оптимизм мен өмірге оң көзқарас, бүгінгі күні әсіресе маңызды», - деп атап өтті.

Біз Үкіметпен қабылданған дағдарысқа қарсы шаралар қазақстандықтарға әлемдік қатерлерге қарсы тұруға көмектесетініне және бұл бізді одан да күшті әрі ұйымшылдыққа жетелейтініне сенімдіміз.

Бүгін, осы қиын уақытта «Көкшетау Энерго» ЖШС өз тұтынушыларын электр энергиясымен үздіксіз жабдықтауды қамтамасыз ету үшін барлық қажетті күш-жігерін жұмсайды, өйткені барлық тіршілікті қамтамасыз ету объектілері электр энергиясына байланысты.

Атап айтқанда, Мемлекет басшысының бастамасын қолдау мақсатында біздің компания тиісті мемлекеттік органдармен бірлесіп, жеке тұлғалар үшін электр энергиясының тарифін 10% - ға төмендету мәселесін пысықтады.

Сонымен қатар, Екібастұз МАЭС-1 және МАЭС-2 өндіруші компаниялары бұрын бекітілген тариф бойынша электр энергиясын босататынын атап өткім келеді, ал біздің өңірдің кепілдік беруші жеткізушісі – «Көкшетау Энерго орталығы» ЖШС осы компаниядан электр энергиясын алдын ала төлеу бойынша, төлемдер бойынша мерзімін ұзартпай жібереді.

Осыған байланысты, энергиямен жабдықтаушы ұйым – «Көкшетау энергия орталығы» ЖШС және энергия беруші ұйым – «Көкшетау Энерго» ЖШС энергия өндіруші кәсіпорындар (станциялар), «KEGOC» АҚ және аймақтық электржелілік компаниялар алдында белгілі бір міндеттемелері бар екенін ескеру қажет. Міндеттемелер бойынша төлем болмаған, не уақтылы төленбеген жағдайда, соңғысы электр энергиясын беруді шектейді, бұл өз кезегінде «Көкшетау энергия орталығы» ЖШС барлық тұтынушыларын электр энергиясын жабдықтауда іркіліске әкеледі.

Сіздерге ыңғайлы болу үшін электр энергиясы үшін төлемді үйден шықпай-ақ, Екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшалары мен электрондық әмияндар бойынша, сондай-ақ жақын жердегі төлем терминалдары арқылы жүргізуге болады.

Бұдан басқа, кейіннен жұмысы қазір пысықталып жатқан мобильдік кассалық операторлардың қызметтерін пайдалануды ұсынамыз.

Осыған байланысты, Құрметті абоненттер, осы ауыр уақытта тұрмыстық қолайсыздық тудырмау үшін, пайдаланған электр энергиясы үшін уақытылы төлем жасап, жауапкершілік  көрсетулеріңізді сұраймыз.

 

Құрметпен,

«Көкшетау Энерго» ЖШС




   
Поиск по сайту
 
Новости компании
Қымбатты энергетик - әріптестер!



Статьи
Проведение проверки в сфере электроэнергетики



ТОО Кокшетау Энерго Центр
Договор электроснабжения для бытовых потребителей
Новости


ТОО «Солтүстiк Энерго Орталық»
Договор электроснабжения для бытовых потребителей
Новости




Просмотров сегодня -
Хостов сегодня -
Просмотров всего -
Хостов всего -




Главная   Для потребителя   Новости компании   Статьи   Рынок электроэнергии   Проекты   Интернет-приемная   Вакансии   Объявления о закупках   Контакты   ТОО Кокшетау Энерго Центр   ТОО «Солтүстiк Энерго Орталық»  


© ТОО Кокшетау Энерго. 2024 г.