Кокшетау-Энерго

Главная     Карта сайта     Для печати     
Республика Казахстан, 020000, г.Кокшетау, мкр.Центральный, 5  
 
 Главная 
 Для потребителя 
Новости компании 
 Статьи 
 Рынок электроэнергии 
 Проекты 
 Интернет-приемная 
 Вакансии 
 Объявления о закупках 
 Контакты 
 ТОО Кокшетау Энерго Центр 
 ТОО «Солтүстiк Энерго Орталық» 




GISMETEO: Погода по г.Кокшетау


   

Өңірлік электр желілік компанияларды ірілендіру


Ұлт жоспары – бес институционалдық реформаны жүзеге асыру
жөніндегі Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың институционалдық реформаны жүзеге асыру
жөніндегі 100 нақты қадамының 51-қадамы өңірлік электр желілік компанияларды ірілендіруді қарастырады. Бұл шара тұтынушыларды электр энергиямен қамтамасыз етудің сенімділігін арттырады, тұтынушы үшін электр энергияның тарифін төмендетеді, сондай-ақ тарифтердің өңірде және тұтастай ел ішінде айырмашылықтарын тегістейді.

Ұлт жоспарының 51-қадамын іске асыру аяында ел Үкіметі 2017 жылдың өзінде кейбір заңнамалық актілерге түзетулер енгізді және бірқатар заңға тәуелді нормативтік актілерді бекітті.

Бәрімізге белгілі, электр энергетикасы – бұл ел экономикасының маңызды стратегиялық саласы, қауіпсіздік мәселелерінде және экономикалық даму мәселесінде маңызды роль атқарады. Осыны ескеріп, меншік нысанына қарамастан электр энергияны беру бойынша қызмет көрсететін ұйымдар үшін техникалық және ұйымдастырушылық талаптарды кезең-кезеңмен енгізу белгіленді.

Сонымен, заңнамамен техникалық құралдар мен механизмдердің, электр желілерін пайдалану мен техникалық қызмет көрсететуді жүзеге асыратын жарақталған, оқытылған және аттестатталған персоналдың болуы, есептің автоматтандырылған жүйесі мен телекоммуникацияның болуы, сондай-ақ еліміздің жүйелік операторымен тиісті шартың болуы белгіленген.

Заңнамамен белгіленген талаптар ескеріліп, кезең-кезеңмен енгізіледі, бұл бағыттағы жұмыстар күні бүгінге дейін жалғасуда.

Алдағы жылыту кезеңіне дайындықтың аясында Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау Комитеті елдегі энергия беруші ұйымдадың белгіленген талаптарға сай екендігін анықтау жөнінде бақылау шараларын жүргізуде.   

Жүргізілетін жұмыстардың нәтижесі бойынша белгіленген талаптарға сай келмейтін электр энергияны беруге арналған бекітілген тарифті төмендету мәселесі қарастырылатын болады.

Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау Комитеті электр энергетикасы саласында бақылауды жүзеге асыратын орган болып табылатынын еске саламыз.

Егер, Қазақстан Республикасы электр энергетикасы саласындағы бұзушылық фактілері анықталатын болса, Комитеттің Ақмола облысы бойынша аумақтық департаментіне Көкшетау қаласы, М. Әуезов көшесі, 230, 22-бөлме мекен-жайы бойынша жүгінуді сұраймыз.

 

 

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі

Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау

Комитеті Ақмола облысы бойынша аумақтық

департаментін басшысы                                                                           Ж. Қасенов                              




   
Поиск по сайту
 
Новости компании
Қымбатты энергетик - әріптестер!



Статьи
Проведение проверки в сфере электроэнергетики



ТОО Кокшетау Энерго Центр
Договор электроснабжения для бытовых потребителей
Новости


ТОО «Солтүстiк Энерго Орталық»
Договор электроснабжения для бытовых потребителей
Новости




Просмотров сегодня -
Хостов сегодня -
Просмотров всего -
Хостов всего -




Главная   Для потребителя   Новости компании   Статьи   Рынок электроэнергии   Проекты   Интернет-приемная   Вакансии   Объявления о закупках   Контакты   ТОО Кокшетау Энерго Центр   ТОО «Солтүстiк Энерго Орталық»  


© ТОО Кокшетау Энерго. 2024 г.